15.10.2024, 16:40
Оқиғалар
Шымкентте 3 күнге жоғалып кеткен көпбалалы ана табылды
Оның денсаулық жағдайы жақсы
Фото: видеодан скриншот
Шымкентте үйіне үш тәулік бойы оралмаған әйел балаларымен қауышты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Бұған дейін журналист Гүлмира Әбіқай 31 жастағы Шымкент тұрғынының ұшты-күйлі жоғалып кеткенін айтып, дабыл қаққан.
«Соңғы рет 13/10/24 үй жанындағы «Самал» базарына шыққан. 4 баланың кішісі 8 айлық, емшекте. Соның ұйықтағанын пайдаланып, балаларға оны-мұны әкелейін деп базарға жүгіріп кеткен. Бірақ оралмады. Бүгін үшінші тәулікке кетті», - деп жазды журналист.
Шымкент полициясы әйелдің аман-есен табылғанын хабарлады.
«Қазіргі таңда аталған азаматша табылып, отбасына қайтарылғанын хабарлаймыз. Қазіргі таңда оның өмірі мен денсаулығына ешқандай қауіп төніп тұрған жоқ», - деді полициядан.
Көп оқылған
10.11.2026, 10:46
«Мен кәсіби боксшы емеспін»: әйелді ұрған жасөспірім Түркістандағы төбелестің неден басталғанын айтып берді
10.11.2026, 11:07
4,5 мың жетімді бауырына басқан: 70-тен асқан Әмина апа минивэнімен балаларға азық-түлік тасып жүр
Редактордың таңдауы
15.10.2026, 19:19
Қазақстан мен Әзербайжанды жалғайтын суасты байланыс желісі іске қосылды