Шерзат Полатқа қатысты істің соты ашық өте ме? Облыс прокуроры жауап берді
Олар сотқа ашық хат жолдамақшы

Алматы облысының прокуроры Берік Адамов Шерзат Полаттың өліміне қатысты ашық сот мәселесіне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«Талғардағы қылмыстық іске қатысты тергеу қарқынды жүргізіліп жатыр. Бұл қайғылы оқиға барлығымызды бей-жай қалдырмады. Әр әке-шешеге баласын жоғалту – үлкен қайғы. Бүгін барлығымызға әділ және шынайы тергеу жүргізу қажет. Біздің тарапымызыдан тергеудің заңдылығы мен толықтығы объективті қамтамасыз етіліп жатыр. Тергеу сатысында ешқандай заң бұзу анықталған жоқ. Сот процесінің ашық өтуі бойынша прокуратура сотқа ашық хат енгізуді қарастырады», - дейді Берік Адамов.
Еске салсақ, 4 қазан күні Талғар қаласында болған қайғылы жағдай қоғамда үлкен резонанс тудырды. 16 жастағы Шерзаттың өліміне қатысты іс Ішкі істер министрінің жеке бақылауында. Кейін марқұмның отбасы тұратын үйді өртеп жіберді.