Бишімбаевтың бұрынғы әйелі Салтанаттың бейітіне балаларын апарған

Автор: Аягөз Құрмаш

Олар марқұммен қоштасқан

Фото: instagram.com/nazymkakharman

24 жылға сотталған Қуандық Бишімбаевтың экс-жұбайы Назым Қаһарман Павлодарға Салтанат Нүкенованың басына балаларын апарғанын айтты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy 

«Павлодар туралы көп сұрақ алдым. Иә, балаларымды Салтанатпен қоштасуы үшін оның бейітіне апардым. Олар үшін бұл өте маңызды. Балалар Салтанат пен Айтбектің ата-анасын осыған дейін де білетін еді. Олар жақсы қарым-қатынас орната білді. Мен олармен қайғылы оқиғадан кейін таныстым. Мен оларға балаларға қолдау көрсеткені үшін ризамын. Олар мейірімді және түсінігі мол адамдар», - деп жазды Назым Қаһарман.

Еске салайық, бұрынғы министр Қуандық Бишімбаев азаматтық некедегі әйелі Салтанат Нүкенованы өлтіргені үшін 24 жылға сотталды. Қылмыс 2023 жылы 9 қарашада елорданың сол жағалауындағы мейрамханада жасалған болатын.

Ал Бишімбаевтың туысы Бақытжан Байжанов қылмысты жасырғаны үшін 4 жылға бас бостандығынан айырылған еді.