$ 514.65  544.6  5.17
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Израильдің соққысынан бір ауылда 21 адам көз жұмды

Израиль әскері әдетте шабуыл жасай бермейтін Ливанның Айту ауылына бомба тастады

Израильдің соққысынан бір ауылда 21 адам көз жұмды
Фото: BBC

Ливанның солтүстігіне жасалған соққыдан 21 адам қаза тауып, 8 адам зардап шекті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy BBC-ге сілтеме жасап.

Израиль әскері әдетте шабуыл жасай бермейтін Айту ауылына бомба тастады. Бұл ауылды Ливанның оңтүстігінен - соғыс өртінен қашып келген отбасылар паналаған, шабуылдан кейін олар тағы да баспанасыз қалды.

Айту тұрғындарының сөзінше, соққы жасардың алдында ешбір белгі берілмеген. Соққының қатты болғаны сонша, қаза тапқандардың кім екенін ДНҚ тестімен ғана анықтауға болады.

Voice of Lebanon ақпарат құралының хабарлауынша, мұнда Ливанның оңтүстігінен туысқандарымен бірге көшіп келген «Хезболла» ұйымының мүшесі бар болуы мүмкін.

Айта кетсек, таяуда Нью-Йоркте өткен БҰҰ Бас Ассамблеясының сессиясында әлемдік көшбасшылар Газа секторында қарулы қақтығысты дереу тоқтатып, Таяу Шығыстағы зорлық-зомбылыққа нүкте қоюға шақырды.

Серіктес жаңалықтары