$ 514.65  544.6  5.17
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

«Алып-қашпа әңгімелер тарап жатыр»: ІІМ Талғардағы оқиғаның видеосын жариялады (ВИДЕО)

Брифинг барысында видео көрсетілді

«Алып-қашпа әңгімелер тарап жатыр»: ІІМ Талғардағы оқиғаның видеосын жариялады (ВИДЕО)
Фото: gov.kz

Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары Бауыржан Әленов Талғар ауданында 16 жастағы Шерзаттың өліміне қатысты қылмыстық істің тергелу барысы туралы айтты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy 

«Қазіргі уақытта ресми БАҚ пен блогерлер субъективті қорытындылар жасап жатыр. Әрбір таратылған жалған ақпаратты біздің жоққа шығаруымызды қажеит етеді. Бұл тергеу жұмысына әсер етеді. Сіздер, кәсіби маман ретінде мұндай істер қандай жауапкершілікке әкеп соғатынын білесіздер. Осыған дейін қылмыстық іс тарапынан шектеуде болды. Біз Бас прокуратураымен бірге жалған ақпарат бойынша кездесу өткізуді жөн деп шештік. Тергеу әрекеті тек қана заңға сәйкес жүргізіледі», - дейді ол.

Әленов атағандай, оқиға орнында болған видео толық жарияланады.

Талғардағы оқиға Ішкі істер министрі мен Бас прокурордың бақылауында.

Еске салсақ, 4 қазан күні Талғар қаласында болған қайғылы жағдай қоғамда үлкен резонанс тудырды. 16 жастағы Шерзаттың өліміне қатысты іс Ішкі істер министрінің жеке бақылауында. Кейін марқұмның отбасы тұратын үйді өртеп жіберді.

Серіктес жаңалықтары