«Қазақстанда да бар»: өзбек билігі өзін ит-мысық сезінетіндердің ата-аналарына айыппұл салмақ
Онымен қоса баланың психикалық денсаулығы да тексерілетін болады
Өзбекстан ІІМ «ит-мысықтың маскасын киіп, солардың қылығын қайталайтын» – квадробика субмәдиенитетіне қатысатын балалардың ата-аналарына ескерту жасады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Gazeta.uz басылымына сілтеме жасап.
«Бұл Қазақстан, Ресей, Украина жастарының арасында кездеседі. Өкінішке қарай, мұндай өрескел әрекет Ташкентте де байқалды», - деп жазды Өзбекстан ІІМ.
Министрліктің хабарлауынша, 10, 11 қазанда Ташкентте екі «квадробер» жүрген. Оның бірі өзін ит деп ойлап, жүргіншілерге шабуыл жасаған. Оқиғаның куәсі болған бала қатты қорқып қалған.
«Бала құқықтарын қорғайтын органдардың бірі ретінде осы субмәдениетке қатысқан балалардың ата-аналары өз міндетін дұрыс орындамаған деп сараланатын болады», - деді елдің ІІМ.
Өзбекстанның әкімшілік жауапкершілік туралы кодексіне сәйкес, ата-ана міндетін орындамағандарға 5 АЕК, яғни 1,875 млн сумға дейін айыппұл қарастырылған.