11.10.2024, 17:25
Оқиғалар
Астана-Көкшетау тас жолында көлік қозғалысына шектеу қойылды
Бұл туралы ҚазАвтоЖол компаниясы хабарлады
Фотоколлаж: Azattyq Rýhy / Әбілқасым Есентаев
2024 жылдың 11 қазанында кешкі сағат 17:00-ден бастап Астана-Көкшетау арасындағы автобанда бүкіл көліктер үшін жол жабылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Бұл туралы ҚазАвтоЖол компаниясы ескертіп отыр. Себебі, ауа райы күрт бұзылып, жол қозғалысы қиындаған.
«2024 жылғы 11 қазанда сағат 17:00-де Ақмола облысының ауа райы бұзылды, осыған байланысты «Астана-Петропавл» автожолының (18-304 шақырым аралығы) Астана қаласынан Көкшетау қаласына дейінгі учаскесінде автокөліктің барлық түрінің қозғалысына шектеу қойылды», - деп хабарлайды ҚазАвтоЖол.
Көп оқылған
04.10.2026, 06:19
Домбыра сабағы кезінде баланы ұрған: полиция қылмыстық іс қозғады
04.10.2026, 22:34
Ақтөбеде алғашқы қар жауды (ВИДЕО)
04.10.2026, 07:27
Қар аралас жаңбыр, тұман, жел: 4 қазанға арналған ауа райы болжамы