$ 510.78  576.06  6.35
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Әділдік іздеген аналар жолды жапты: Атыраудың полициясы не дейді (ВИДЕО)

Жолды жапқан әйелдің баласы тамыз айында Жайыққа құлап, мерт болған еді

Әділдік іздеген аналар жолды жапты: Атыраудың полициясы не дейді (ВИДЕО)
Фото: видеодан скриншот

Атырау облысының полиция департаменті әлеуметтік желіде таралған бейнежазбаға қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Бүгін, 11 қазан күні таңғы сағат 09:00 шамасында қала тұрғыны прокуратураның алдындағы жол қиылысын жауып, тұрып алған.

«Ол тәртіп сақшыларының заңды талабына бағынбай, кедергі келтірген. Айта кетейік, аталған азаматша тамыз айында достарымен бірге Жайық өзеніне барып, суға батып қаза тапқан жасөспірімнің анасы. Полиция баланың өлімі бойынша тамыз айынан бері қылмыстық істі тергеп жатыр. Анасына тергеу жан-жақты жүріп жатқаны хабарланды. Тергеу барысы департамент басшылығының тікелей бақылауында», - деп хабарлайды полиция департаменті.

Еске салсақ, осы жылдың 21 тамызында жетінші сынып оқушысы Атырау маңындағы Ақжар ауылында жұмбақ жағдайда суға батып кеткен. Оның достары анасына жасөспірімді орта мектеп оқушысы суға итеріп жібергенін айтқан. Марқұмның анасы Анаргүл Қасантаева тергеу ҚР Қылмыстық кодексінің 104-бабы «абайсызда адам өлтіру» бойынша жүріп жатқанына наразы. Ол істі қайта қарауды талап етіп жүр. Тергеу тым ұзаққа созылып, орнынан қозғалмағанына байланысты қан жылаған ана осындай шарасыз әрекетке барған. 

Серіктес жаңалықтары