$ 514.65  544.6  5.17
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

«Екі күдікті үйқамақта»: Ақтөбе облысында 14 жастағы қызды туыс ағалары зорлап келген

Күдіктінің біреуі 26 жаста болса, екінші туыс ағасы 20 жастағы жігіт

«Екі күдікті үйқамақта»: Ақтөбе облысында 14 жастағы қызды туыс ағалары зорлап келген
Фото: istockphoto.com

Бала құқықтары жөндегі уәкіл Динара Зәкиева Ақтөбе облысындағы 14 жастағы қызға байланысты ақпарат айтты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу жүрп жатыр. Ақтөбе облысының өңірлік бала құқықтары жөніндегі уәкілі баланың анасымен байланысқа шығып, кездесетін болды. Істі қайта саралау және бұлтартпау шарасын өзгертуді қарау мәселесімен прокуратураға жүгіндім», - дейді Зәкиева.

Осы мәселе бойынша редакция облыстық полиция департаментіне жүгініп, іс бойынша ақпарат сұрады.

«Полиция департаменті бопсалау және зорлық-зомбылық фактілерін тіркеп, сотқа дейінгі тергеп-тексеру өткізіп жатыр. Іс бойынша процесстік прокурор тағайындалды, ол тергеуге қатысып жатыр. Екі күдікті анықталып, ұсталды және уақытша ұстау изоляторына қамалды. Санкциялық шара тағайындау кезінде сот күдіктілердің жеке басының мінездемесін, бұрын сотталмағанын, кәмелетке толмаған балаларының және тұрақты мекенжайының болуын ескере отырып, үй қамағында ұстау туралы шешім қабылдады. Қажетті сараптамалар тағайындалды», - деп хабарлайды облыстық полиция.

Қылмыстық істі тергеу барысы полиция департаменті басшылығының бақылауында.

Еске салсақ, құқық қорғаушы Дина Таңсәрі 23 қыркүйекте болған жағдайды айтып берген еді. Ақтөбе облысында жеке қалған кезде жеңгесіне 14 жастағы жасөспірім сырын ақтарған. 26 жастағы және 20 жастағы туыс ағасы оны 8 жасынан бастап зорлаған.

Серіктес жаңалықтары