$ 514.65  544.6  5.17
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Жемқорлық жайлы хабарлағандар 28,9 млн теңге сыйақы алған - Антикор

Көш басында Қарағанды облысы тұр

Жемқорлық жайлы хабарлағандар 28,9 млн теңге сыйақы алған - Антикор
Фото: Azattyq Ruhy

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ресми өкілі  Данияр Бегайдаров жемқорлық жайлы хабарлаған адамдарға қанша сыйақы берілгенін айтып берді,  деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Сыбайлас жемқорлық жасалғаны жайлы хабарлаған азаматқа 15 млн теңгеге дейін беріледі. Биыл жемқорлық жайлы хабарлаған 76 тұлғаға 28,9 млн теңге сыйақы берілген. 33 мемлекеттік қызметкерге грамота табысталған. Ең көп сыйақы алғандар Қарағанды облысында, Ақтөбе облысында және БҚО-да кездескен»,- дейді Бегайдаров. 

Оның айтуынша, ақпаратты берген адамдардың мәліметтері құпия сақталады. 
 

Мәселен,Антикор пара туралы хабарлағаны үшін Астана тұрғынына 4,4 млн теңге төлеген. Бұл оны квазимемлекеттік компанияға жұмысқа орналастыруға уәде берген соманың 10 пайызын құрайды. 

Серіктес жаңалықтары