$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
13.05.2020, 15:17
Оқиғалар

Ерекше қорғауға алынған аумақта аң аулаған браконьер ұсталды

Браконьердің автокөлігінен табылған еліктің денесі мен 16 калибрлі тегіс ұңғылы аңшы мылтығы тәркіленді

Ерекше қорғауға алынған аумақта аң аулаған браконьер ұсталды
Фото: ашық дереккөзден

Алматы облысы Талғар ауданының тәртіп сақшылары «Іле –Алатау» мемлекеттік-ұлттық табиғи паркінің қызметкерлерімен бірлесіп ерекше қорғауға алынған аумақта аңшылық жасады деген күдікпен 61 жастағы ер адамды ұстады. Бұл туралы ІІМ баспасөз қызметі хабарлады.

«Арнайы шара барысында 1959 жылы туған Талғар ауданының тұрғыны ұсталды. Оның автокөлігінен табылған еліктің денесі мен 16 калибрлі тегіс ұңғылы аңшы мылтығы тәркіленді. Аталған дерекке қатысты қолданыстағы Қылмыстық кодекстің 337-бабының 1-тармағына сәйкес қылмыстық іс қозғалды», – деп хабарлады Алматы облысы ПД Жергілікті полиция қызметі басқармасының басшысы Бағдат Әшімов.

Браконьерден тәркіленген еліктің еті тиісті сараптамаға жолданды. Сараптама қорытындысы бойынша мемлекетке келтірілген материалдық шығын көлемі анықталады. Сот шешімі бойынша күдікті мекенжайын өзгертпеу туралы міндеттемемен босатылды.

«Алматы облысы аумағында бір ай ішінде полицейлер табиғат қорғау заңнамасы талаптарын өрескел бұзған 13 деректі әшкереледі. Аталған деректер бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр», – деп толықтырды Бағдат Әшімов.

Серіктес жаңалықтары