07.10.2024, 10:22
Оқиғалар
Қарқаралыдағы өрт: күйік шалған төрт адамның қазіргі жағдайы қандай
Әртүрлі деңгейде күйік шалған төрт адам қазір Мақажанов клиникасында жатыр
видеодан скриншот
Кеше, 6 қазан күні Қарқаралыдағы дала өртін сөндіреміз деп күйік шалған төрт адам Қарағандыдағы Мақажанов атындағы көпсалалы аурухананың травматологиялық орталығында жатыр. Бұл туралы Azattyq Rýhy редакциясына орталықтың басшысы Берік Түлеубаев мәлім етті.
«Кеше Қарқаралы ауданы Шөптікөл ауылының маңайында жазық өртенді. Өртпен күрескен төрт адам ауруханаға түсті. Кеше Қарқаралы ауданының ауруханасына түскен олар бүгін Мақажанов атындағы біздің орталыққа жатыр. Бәрінің жағдайы тұрақты», - деді Берік Түлеубаев.
Естеріңізге сала кетейік, осы өрттен 33 жастағы өрт сөндіруші Хали Хайрат қаза тапқан болатын.
Көп оқылған
02.11.2026, 13:43
Үш баласы мектепке бара алмай отыр: Алматыда көпбалалы әскери қызметкерді жұмысынан қуып жіберген
02.11.2026, 15:10
Каспий теңізіндегі трагедия: Бектенов Қорғаныс министрлігінің кемшіліктерін тізбектеп шықты
02.11.2026, 12:59
Атырауда бір топ ер адам экстремистік топ құрып, Конституция негіздерін күшпен өзгертпек болған (ВИДЕО)
02.11.2026, 16:21
«Соқырішегі жарылайын деп тұр»: Ақтауда дәрігер мен оған шабуыл жасаған ер адам оқиғаның қалай болғанын айтты (ВИДЕО)
Редактордың таңдауы
15.10.2026, 19:19
Қазақстан мен Әзербайжанды жалғайтын суасты байланыс желісі іске қосылды