07.10.2024, 09:36
Оқиғалар
Оның есімі - Хали Хайрат: Қарағанды облысындағы дала өртінен бір өрт сөндіруші қаза тапты
Өрт сөндіруші 33 жаста болған
Фото: ТЖМ
Күні кеше Қарағанды облысының аумағында болған дала өртінен 33 жастағы өрт сөндіруші мерт болды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Ол Қарағанды облысы Қарқаралы ауданындағы өртті сөндірген кезде қаза тапқан. Ақпаратты ресми орган растады.
«6 қазан күні Қарағанды облысы Қарқаралы ауданындағы дала өртін сөндіру барысында өз қызметтік міндетін атқару кезінде 24-өрт сөндіру бөлімінің аға өрт сөндірушісі 1991 жылы туған Хали Хайрат қаза тапты. Сержант азаматтық қорғау органдарында 2014 жылдан бастап жұмыс істеген», - деп растады оқиғаны төтенше жағдайлар министірлігі.
Айта кетейік, өрт Қарағанды облысы Қарқаралы ауданы Қоянды ауылының маңында болған. Бұл өрт Павлодар облысының аумағына өткен.
Көп оқылған
07.10.2026, 16:45
Қазақ ғалымдары шұжықтың ішіндегі ит пен мысық, тышқан мен шошқаның етін лезде анықтайтын тест ойлап тапты
07.10.2026, 11:58
Тоқаев қорғаныс министрінің тағы бір орынбасарын жұмысынан қуды
07.10.2026, 10:58
Миллиардтаған ақшаны ысырап етпек болған: Қазақстан жолдарын жөндеу кезіндегі былықтың беті ашылды
07.10.2026, 13:46
Алматыда ер адам бұрынғы сүйіктісін интимді суреттеріңді таратып жіберемін деп бопсалаған (ВИДЕО)
07.10.2026, 09:48
Қазақстанда алдағы бірнеше күнде ауа райы 27 градусқа дейін жылынады
07.10.2026, 18:00
Ақтауда балықтан уланған тоғыз жасар бала 20 күннен кейін көз жұмды