$ 488.91  532.62  5
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
07.10.2024, 08:27
Оқиғалар

Саяқ кен орнында үш шахтер газдан уланды: екі адам қаза тапты

Оқиға 5 қазанда болған

Саяқ кен орнында үш шахтер газдан уланды: екі адам қаза тапты
Фото: primeminister.kz

Балқаш қаласының маңындағы «Саяқ» кен орнында қайғылы оқиға болды – үш шахтер газдан уланған. Екеуі қаза тауып, біреуі ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy Патриот телеграм-арнасына сілтеме жасап.

Оқиға 5 қазанда болған.

Қайтыс болғандар – 1990 жылы туған Дулат Игенбаев және 2001 жылы туған Мадияр Тұрысбаев.

«Қазақмыс» корпорациясы референдум өткізу кезеңіндегі жұмысбастылықты алға тартып, түсініктеме беруден бас тартқан.

Десе де Қарағанды облысының еңбек инспекциясы департаменті бұл деректі растады және қайғылы жағдайдың «топтық жазатайым оқиға» ретінде тіркелгенін мәлімдеді.

«Комиссия құрылды, топтық жазатайым жағдайға қатысты тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр», – деп хабарлады Қарағанды облысының еңбек инспекциясы департаменті.

«Саяқ» кен орны Қарағанды облысы, Балқаш қаласында орналасқан. Онда мыс-сульфидті кен өндіріледі.

Серіктес жаңалықтары