СҚО-да пойыз 22 бас ірі қараны қағып кетті

Azattyq Rýhy

Оқиға салдарынан пойыз 14 минутқа тоқтаған

СҚО-да пойыз 22 бас ірі қараны қағып кетті
Фото: t.me/railways_kz

Солтүстік Қазақстан облысында темір жол қауіпсіздігіне қатысты оқиға тіркелді. 30 қыркүйек күні Алматы-Петропавл жолаушылар пойызының машинисті Жаңажол-Смирново арасындағы учаскеде шұғыл тоқтау амалдарын қолдануға мәжбүр болды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Петропавловск.news-ке сілтеме жасап.

Алайда темір жолда жүрген малдың көптігінен пойыз тоқтау кезінде 22 бас ірі қара малды соғып кеткен. Оқиға салдарынан пойыз 14 минутқа тоқтаған.

Солтүстік Қазақстан облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінің мәліметіне сәйкес, Петропавл станциясындағы желілік полиция бөлімі малдың иесін анықтап, оны әкімшілік жауапкершілікке тартқан.

45 жастағы Аққайың ауданының тұрғыны темір жол жолағындағы мал бағу ережелерін бұзғаны үшін жауапқа тартылды.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.