04.10.2024, 09:45
Оқиғалар
Енді «Ертіс орманында» бес жыл бойы ағаш кесуге болмайды
Аймақтағы Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің тиісті бұйрығы шыққан
Фото: istockphoto.com
2024 жылдың 10 қыркүйегінен бастап 2029 жылдың 1 қаңтарына дейін «Ертіс орманы» резерватының аумағында ағаш кесуге болмайды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Павлодар облысының прокуратурасынан хабарлағандай, кезіндегі мораторий алынған соң, «Ертіс орманындағы» 1100 текше метрден астам ағаш заңсыз кесілген екен.
«Осыған орай орманды сақтау мақсатында Павлодар облысы прокуратурасының бастамасымен 2024 жылдың 10 қыркүйегінен бастап 2029 жылдың 1 қаңтарына дейін Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің бұйрығымен бүкіл резерват аумағында ағаш кесуге тыйым салынды», - деп хабарлайды облыс прокуратурасы.
Көп оқылған
09.06.2026, 14:12
Семейде қару асынған мас ер адам экс-әйелінің туыстарына барып, аулада жүрген итін атып өлтірді (ВИДЕО)
09.06.2026, 10:47
«Мені құшағыңа ал» демеймін»: он жыл бұрын анасынан айырылған ақтөбелік бойжеткен әкесіне іздеу салды (ВИДЕО)
09.06.2026, 12:35
«Өрт сөндірушілер 250 мың теңге жалақы алады»: Экология вице-министрі орман қызметкерлерінің айлығы 2 есеге өскенін айтты