Ақмола облысында ваннадағы суға батып кете жаздаған ер адам құтқарылды
Үйге келген полицейлер пәтерге терезе арқылы кірген
Ақмола облысында ваннадағы суға батып кете жаздаған ер адам құтқарылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Оқиға Ақмола облысы Ақкөл қаласында орын алған.
Полицияға жергілікті тұрғыннан ағасының 30 қыркүйектен бастап байланысқа шықпағаны жайлы хабар келді. Әпкесі жалғыз тұратын ақмолалықтың денсаулығына алаңдағанын айтты.
Полиция қызметкерлері дереу көрсетілген мекенжайға барды, сондай-ақ оқиға орнына ТЖ бөлімінің қызметкерлері келді.
«Үйге келген полицейлер есіктің ішінен құлыпталғанын көріп, пәтерге терезе арқылы кірген. Топ ішке кіргенде, олар жуынатын бөлмеде суық судың ваннадан төгіліп жатқанын көрді. Қарт кісінің құлап, кранды жұлып алып, өздігінен ваннадан шыға алмағаны белгілі болды», - делінген хабарламада.
Полиция мен құтқарушылардың уақытылы көмегінің арқасында қайғылы жағдайдың алды алынды.