26.09.2024, 14:43
Оқиғалар
Астанада көпқабатты үйдің ауласында тұрған автокөлік кенеттен жанып кетті (ВИДЕО)
Қасындағы көлікке де зақым келген
Фото: видеодан скриншот
Астанада көпқабатты тұрғын үйдің тұрағына қойылған автокөлік отқа оранды. Төтенше жағдай елорданың сол жағалауында болған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Қалалық ТЖД ақпаратынша, Есіл ауданындағы үйдің ауласында Hyundai маркалы машинадан өрт шыққан.
«Сағат 05:49-да үйдің ауласында автокөлік жанып жатыр деген ақпарат түсті. Жеке құрамның бес қызметкері мен бір техника шұғыл оқиға орнына жетті. Өрт 06:08-де сөндірілді», - делінген хабарламада.
Анықталғандай, автокөліктің салоны мен багажы өртенген, жанында тұрған көлікке де зақым келген.
Көп оқылған
26.09.2026, 06:33
Тоқаев Маңғыстаудағы әскери оқу-жаттығу кезінде қаза тапқан әскери қызметшілердің отбасыларына көңіл айтты
26.09.2026, 07:41
26 қыркүйекте бірнеше өңірде үсік түсіп, жаңбыр жауады
26.09.2026, 17:01
27 қыркүйек күні ауа райы қандай болады
26.09.2026, 08:27
Азия ойындары: Қазақстан құрамасы алтыншы күннің қорытындысы бойынша бес қола иеленді
26.09.2026, 11:04
Маңғыстау облысы әкімінің орынбасарлары тағайындалды