23.09.2024, 02:00
Оқиғалар
Алматы тауларынан 30 жастағы жігіттің денесі табылды
Оның неден қаза тапқаны әзірге белгісіз
Фото: ҚР ТЖМ РЖҚЖ баспасөз қызметі
Алматы тауларында құтқарушылар жас жігіттің мәйітін тапты, деп хабарлайды Аzattyq Rýhy ҚР ТЖМ Республикалық жедел-құтқару жасағының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Құтқарушылардың айтуынша, қайтыс болған адам 30 жаста болған. Оның неден қаза тапқаны әзірге белгісіз, оқиғаның мән-жайын полицейлер анықтайды.
«Алматы-Алагир асуына жақын орналасқан Проходное шатқалында ер адамның денесі табылғаны туралы шақыру түсті. РЖҚЖ құтқарушылары Алматының құтқару қызметімен бірлесіп, 1994 жылы туған ер адамның денесін Жусалы-Кезен асуына тасымалдап, полиция қызметкерлеріне тапсырды», - делінген хабарламада.
Көп оқылған
09.11.2026, 10:31
«Ит үреді, керуен көшеді»: туған қызын ернінен сүйді деген ер адам ел алдына шықты (ВИДЕО)
Редактордың таңдауы
15.10.2026, 19:19
Қазақстан мен Әзербайжанды жалғайтын суасты байланыс желісі іске қосылды