23.09.2024, 06:40
Оқиғалар
«Қарсы жолаққа шыққан»: Алматы облысында жол апаты болып, үш адам көз жұмды
Жол апаты фактісі бойынша полиция қылмыстық іс қозғады
Бейнеден кадр
Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданындағы жол апаты үш адамның өмірін қиды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Zeekr 001 спорттық электромобильінің жүргізушісі Талғар-Есік автожолындағы қарсы жолаққа шығып, Daewoo Matiz автокөлігімен соқтығысқан. Апат салдарынан Daewoo Matiz-тегі екі жолаушы сол жерде қайтыс болды. Жүргізуші есін жимастан аудандық аурухананың реанимация бөлімінде қайтыс болды.
Жол апаты фактісі бойынша полиция қылмыстық іс қозғады. Zeekr 001 жүргізушісі қамауға алынды. Тергеу жалғасуда.
Аймақ полициясы барлық жүргізушілерді жылдамдық режимін, жол қауіпсіздігі талаптарын мүлтіксіз сақтауға және ҚР Жол ережелерін бұзбауға шақырады.
Көп оқылған
25.09.2026, 09:28
252 адам, 37 сүңгуір, 14 кеме мен 4 тікұшақ: Каспий түбіне кеткен екі сарбаз әлі табылған жоқ (ФОТО)
25.09.2026, 16:16
«Ұлым жағаға өзі жүзіп шыққан»: Каспийде тірі қалған тағы бір сарбаздың анасы сұхбат берді