20.09.2024, 20:47
Оқиғалар
Өскеменде жасөспірімді көлік қағып, мерт қылды
Көлік жүргізушісі уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды
Фото: Azattyq Rýhy/Әсет Құндақбаев
Өскеменде жасөспірімді көлік қағып, мерт қылды. Бұл туралы ШҚО Полиция департаментінің баспасөз қызметінен мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
ПД мәліметінше, көлік қағып кеткен жасөспірім ауруханада көз жұмған.
Оқиға 19 қыркүйек күні Тоғас көшесінде болған.
«Lada Granta көлігінің жүргізушісі реттелмеген жаяу жүргіншілер өткелінен өтіп бара жатқан 2005 жылғы жасөспірімді қағып кеткен. Ауыр жараланған ол шұғыл түрде ауруханаға жеткізілді. Қазіргі уақытта аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Тиісті сараптамалар тағайындалған», - делінген ПД хабарламасында.
Адам өліміне себепкер болған көлік жүргізушісі уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды.
Көп оқылған
13.11.2026, 14:56
Қазақстандық тур компаниялар Меккедегі қазақ қызын алдап, миллиондаған қарызға батырған
13.11.2026, 09:55
Ант қабылдап тұрған сарбаз есінен танып қалды ма: желіде тараған видеоның мән-жайы белгілі болды
13.11.2026, 09:23
«АҚШ азаматымын»: Алматы метросында қыз бен жігіттің дауына полиция араласты (ВИДЕО)
