$ 523.2  594.3  6.38
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

СҚО-да үйдің ауласында немересін квадроциклмен қыдыртып жүрген атасы баланы өлтіріп алды

Тергеу жүріп жатыр

СҚО-да үйдің ауласында немересін квадроциклмен қыдыртып жүрген атасы баланы өлтіріп алды
Фото: © istockphoto.com

Солтүстік Қазақстан облысында атасы мен немересі мінген квадроцикл аударылып, салдарынан кішкентай бала көз жұмды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Қайғылы оқиға 19 қыркүйек сағат 10.30 шамасында Аққайың ауданында болған.

«56 жастағы ер адам өз үйінің ауласында "POLARIS" маркалы квадроциклді басқара алмай, аударылып қалған. Салдарынан квадроциклде отырған 4 жасар бала орталық аудандық ауруханаға түсті, өкінішке қарай ол алған жарақаттарынан қайтыс болды. Квадроциклдің жүргізушісі де орталық ауруханаға жатқызылды», - деп мәлімдеді облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Қылмыстық кодекстің 345-бабы 3-бөлігі (Абайсызда адам өліміне әкеп соққан, көлiк басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлiк пайдалану қағидаларын бұзуы) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Серіктес жаңалықтары

Мақалада

#СҚО #квадроцикл