$ 494.95  525.49  5.05
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

«Клиенттер де тексеріледі»: Қызылордада 13 адам оқушы қызды құлдықта ұстаған деген күдікке ілінді

Оның 11-і уақытша қамалды 

«Клиенттер де тексеріледі»: Қызылордада 13 адам оқушы қызды құлдықта ұстаған деген күдікке ілінді
Фото: скриншот

Қызылордада 16 жастағы қызды жезөкшелікке салып, қинаған деп күдікке ілінген 11 адам қамауда отыр. Бұл туралы Ішкі істер министрінің орынбасары Игорь Лепеха айтты, деп хабарлайды  Azattyq Rýhy.

«Бүгінде бірнеше бап бойынша қылмыстық іс қозғалды, 13 адам күдікті ретінде ұсталып, 11 адам қамауға алынды, екеуі үйқамақта отыр», - деді ол.

Лепеха жәбір көрген қызды сатып алғандар да тексерілетінін растады.

Айта кетсек, Қызылорда облысында 16 жастағы қызды сыныптастары 8 ай бойы жезөкшелікпен айналысуға мәжбүрлеп, құлдықта ұстаған. Олар қызды ұрып-соғып, азаптап, бопсалап, қорқытқан. Қыздың тәнін саудалай отырып айына кемінде екі-үш миллион теңге табыс тапқан. 

Кәмелетке толмаған қыздың жыныстық қызметін 200 ер адам сатып алған.Таяуда белгілі болғандай, жәбірленушінің банк картасына 1000 мыңнан аса жалпы сомасы 13 млн теңгеге жуық аударым жасалған.

Серіктес жаңалықтары