19.09.2024, 13:00
Оқиғалар
Алматыда көз жұмған оқушы қыздар суицид жасаған - Лепеха
Өзін өзі өлтіруге дейін жеткізу фактісі бойында қылмыстық іс қозғалды
Фото: Istockphoto
Ішкі істер министрінің орынбасары Игорь Лепеха Алматыдағы оқушы қыздардың өлімі туралы пікір білдірді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
«Бұл – суицид. Қазір өзін өзі өлтіруге дейін жеткізу фактісі бойында қылмыстық іс ашылды», - деді ол.
Еске салсақ, 16 қыркүйекте Алматыдағы тұрғын үйдің жанынан екі жасөспірім қыздың денесі табылған. Оның бірі эколог Евгений Мұхамеджанов пен суретші Балқия Мұхамеджанованың қызы болып шыққан.
Бұған дейін, қалада 12 жастағы оқушының үйдің жоғары қабатынан секіріп кеткені туралы ақпарат тараған еді.
Көп оқылған
27.11.2026, 11:35
Бес баланың әкесі: «Атыраулық хакер» жігіт кім және ол не үшін жазаланды
27.11.2026, 09:51
«Атыраулық хакер» атанған жігітке сот үкімі шықты
27.11.2026, 13:54
Екі жасар баласына былапыт сөз айтқызып, видео түсірген ақтөбелік әйелдің үйіне полиция келді