19.09.2024, 11:24
Оқиғалар
Қостанай тұрғыны мыңдаған вейпті әлеуметтік желі арқылы сатпақ болған
Оның үйінен 7 498 вейп табылған
Фото: istockphoto.com
Қостанай облысының прокуратурасы Ресейден әкелген 7 498 вейпті әлеуметтік желі арқылы сатпақ болған адамды анықтады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында Қостанай облысы бойынша Экономикалық тергеу департаментінің қызметкерлері Қостанай қаласының тұрғыны Ресей Федерациясының аумағында вейп сатып алатынын, оны ел аумағына заңсыз әкелетінін және кейіннен өзі құрған «Telegram» арнасы арқылы іске асыратынын анықтады», - деп жазады Қостанай облысының прокуратурасы.
Оның үйін тінткен кезде 7 498 дана вейп табылып, тәркіленген. Күдіктінің мүлкі тәркіленіп, екі жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.
Көп оқылған
14.07.2026, 10:38
Бір «закладка» 2000 теңге – Алматыдан Таразға «жұмыс» іздеп барған 43 жастағы әйел 7 жыл бойы түрмеде отыратын болды
14.07.2026, 11:45
Тас жолға шалқасынан жатып алған: Ақтөбеден Семейге барып, ерсі қылық көрсеткен 35 жастағы әйел жазаланды
14.07.2026, 09:48
Түркістан облысында көпбалалы ана төрт баласымен бірге жоғалып кетті