$ 509.51  570.6  6.3
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Қыз асырап алсам ба екен деп ойлаймын – Ләйлә Сұлтанқызы жан сырын ақтарды

Тележүргізуші осы ойын айтып, имам Нұрлан Байжігітұлынан ақыл сұраған

Қыз асырап алсам ба екен деп ойлаймын – Ләйлә Сұлтанқызы жан сырын ақтарды
Фото: скриншот

Журналист Ләйлә Сұлтанқызы қыз бала асырап алуға ниетті. Бұл туралы «Замандас» поскастында айтып берді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Екі жыл бойы ЭКО орталыққа барып жүрмін дедім ғой. Үлкен бала оқуға кетеді, кішісі екі жылдан дейін кетеді. Оның Азия елдерінде оқысам деген арманы бар... бірде балаларымды тексеріп көрейін деп, «мен қыз туып алсам қайтеді» дедім. Екеуінің көзі бақырайып кетті: «Анашым, таңғы төртте оянуға дайынсыз ба, сізге қиын болады ғой» дейді. Қарсылықтарын білдере алмай, басқаша жауап беріп жатыр... қалжың аралас айтқаным ғой. Әзірге олар дайын емес екен. Бірақ үлкен ұлым «қыз асырап алайықшы, сіз соның жолын біліңіз» деді. Бір жағынан қыз асырап алсам ба деп ойлаймын. Сол ойымды Нұрлан имамға айттым, ол кісімен отбасымызбен доспыз. Ол кісі «саған 10 есе сауап жазылады» деп мені қолдап жатыр», - деді журналист Замандас поскастына берген сұхбатында 

Еске салсақ, бұған дейін Ләйлә Сұлтанқызы марқұм жарының биоматериалы ЭКО орталықта сақталып тұрғанын айтқан еді.

Серіктес жаңалықтары