Ләйлә Сұлтанқызы марқұм күйеуінің биоматериалы ЭКО орталықта сақталып тұрғанын айтты (ВИДЕО)
«Замандас» жобасына сұхбат берген тележүргізуші болашақта ана болуы мүмкін екенін меңзеді

Ләйлә Сұлтанқызы марқұм жұбайы Қайрат Беркінбаевтың биоматериалы ЭКО орталықта сақталып тұрғанын айтты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«ЭКО арқылы балалы болуға болады. Қайраттың биоматериалы сақталған. Балаларымның бір әкеден туғаны жақсы ғой, бірақ өзім ана болуға қаншалықты дайынмын деген сұрақ бар. Кіші балам 15 жаста. Арада 15 жыл өтіп кетті. Оның үстіне нәрестені өсіруге шамам жете ме? Қазір жасым 47-де, мен алпысты алқымдағанда, ол бала 10 жасқа жаңа жетіп жатады. Алла жеткізеді дейді ғой, бірақ жүрегімде қорқыныш бар», - дейді
Танымал тележүргізуші Ләйлә Сұлтанқызының ержетіп қалған екі ұлы бар. Марқұм жары Қайрат Беркінбаевтың 2022 жылы 6 қарашада өмірден өтті.