$ 521.67  592.46  6.32
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
18.09.2024, 11:25
Оқиғалар

Арман Дүйсенов әнші Индира Елеместің студиясында жатып көз жұмғаны белгілі болды (ВИДЕО)

Бұл туралы әнші КТК телеарнасына берген сұхбатында мәлім етті

Арман Дүйсенов әнші Индира Елеместің студиясында жатып көз жұмғаны белгілі болды (ВИДЕО)
Фотоколлаж: Azattyq Rýhy / Әбілқасым Есентаев

2023 жылы 24 қаңтарда көз жұмған Арман Дүйсенов әнші Индира Елеместің Алматыдағы студиясында жан тапсырғаны анықталды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Бұл туралы КТК телеарнасындағы «Астарлы ақиқат» бағдарламасына сұхбат берген Индира Елеместің өзі айтып берген.

Айта кетерлігі, телебағдарлама журналистері танымал композитор өлер алдында бірнеше ай бойы жертөледегі осы студияда өмір сүрген дейді.

«Жүрегі тоқтап, бір сәтте кетіп қалған. Қатты қиналған жоқ, ауырып, жатып қалып, кеткен жоқ өмірден. Балалар «су ішті» дейді. «Аға, қалыңыз қалай, бәрі жақсы ма?» деп сұрағанда, бәрі жақсы деп жатқан. Сол қалпы оянбай, жүріп кеткен», - дейді Индира Елемес.

Айта кетейік, Арман Дүйсенов 1974 жылы Батыс Қазақстан облысында туған. Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, тележүргізуші, продюсер, «Гүлдер» ансамблінің филиалын басқарған.

Серіктес жаңалықтары