Ақтөбе полициясы енді қылмыскерлерді тормен «аулайды» (ВИДЕО)

Темірхан Айжан

Патрульдік полиция қызметкерлері жаңа құралды қолдануды үйреніп жатыр

Ақтөбе полициясы енді қылмыскерлерді тормен «аулайды» (ВИДЕО)
Фото: скриншот

Ақтөбе полициясы енді қылмыскерлер мен жануарларды тормен аулап, қолға түсіреді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

ПД Арнайы және жұмылдыру даярлығы басқармасының қызметкерлері патрульдік полиция қызметкерлерімен құқық бұзушыларды ұстау кезінде торды қолдану бойынша оқыту жүргізді.

«Қойылатын міндеттердің сипаты мен шарттарына қарамастан, құқық қорғау органдарының қызметі адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарын, заңдылық пен гуманизмді қатаң құрметтеу және сақтау қағидаттары негізінде құрылады. Тікелей байланыссыз қашықтықта әрекет ету мүмкіндігі - қауіпсіздікке үлкен кепілдік береді», - дейді Ақтөбе облысы ПД Арнайы және жұмылдыру даярлығы басқармасы бастығының орынбасары Алмат Иманғалиев.
 

Патрульдік полицейлердің айтуынша, арнайы тор агрессивті үй жануарларын ауыртпалықсыз қолға түсіруге және қылмыскерлерді ұстап, ішкі істер органдарына жеткізуге мүмкіндік береді.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.