12.09.2024, 17:01
Оқиғалар
FlyArystan бір жолаушыдан 9,5 млн теңге өндіріп алды
Оқиға былтыр желтоқсан айында болған
Фото: FlyArystan
FlyArystan әуе компаниясы 2023 жылдың 23 желтоқсанында Шымкенттен Алматыға қарай ұшқан ұшақтың бүйіріндегі есікті ашып жіберген жолаушыны сотқа беріп, істі жеңіп шықты, деп Azattyq Rýhy.
Енді жолаушы әуе компаниясына 9 млн 551 мың теңге шығын өндіріп беруі керек. Бұндай шешімді Алматы қаласы Түрксіб аудандық соты шығарған.
«Естеріңізге сала кетейік, оқиға 2023 жылдың 23 желтоқсанында, Шымкент-Алматы бағытында ұшқан KC7106 рейсінде болды. Ұшақ қонғаннан кейін, жолаушылардың бірі 12-ші қатарда орналасқан және тек төтенше жағдайларда ғана ашуға арналған есікті ашып жіберген. Осылайша, әуе компаниясына 9 551 922 теңге көлемінде шығын келген», - деп хабарлады компанияның баспасөз қызметі.
Көп оқылған
07.11.2026, 11:43
Алматыда Меладзенің концертінде жанжал шығарған 3 әйел қамалды (ВИДЕО)
07.11.2026, 06:23
Семейде жолаушылар автобусы өртке оранды (ВИДЕО)
07.11.2026, 12:07
Павлодарлық оқушының грантына Гарвард университеті араласты: Айханым Оқасова оқуға түсті ме, жоқ па
07.11.2026, 14:13
Шымкентте өзенге қоқыс жәшігін лақтырған тұрғын ұсталды
07.11.2026, 21:19
Кешкі серуен қайғылы аяқталды: Toyota Camry екі адамды қағып кетті
Редактордың таңдауы
15.10.2026, 19:19
Қазақстан мен Әзербайжанды жалғайтын суасты байланыс желісі іске қосылды