$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

«Бір жылдан бері ақша ұстамаймын»: қаржы вице-министрі қағаз ақшадан неге қашады (ВИДЕО)

Қаржы вице-министрі нөмірге ақша аудару ескілікке кетті дейді 

«Бір жылдан бері ақша ұстамаймын»: қаржы вице-министрі қағаз ақшадан неге қашады (ВИДЕО)
Фотоколлаж: Azattyq Rýhy / Әбілқасым Есентаев

Мобильді ақша аударымы 100 реттен асып кеткен қазақстандықтарға айыппұл салынбайды, ескерту беріледі. Бұл туралы Қаржы вице-министрі Ержан Біржанов айтты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Қазір тексеру шараларын жүргізбейміз. Жыл аяқталған соң, екінші деңгейлі банктерден  деректерді аламыз. Салық төлеудің ережесін бұзғандарға хабарландырулар жібереміз. Адамдар өздері түсініп, салық есебіне тіркеуге тұрып, декларация  тапсыруы керек. Ал біздің тарапымыздан айыппұлдар салу деген болмайды», - деді ол.

Ержан Біржанов өзінің қолма-қол ақшаны пайдаланбағанына бір жыл болғанын айтты.

«Өзімнің қолма-қол ақшамен зат сатып алмағаныма бір жыл болған шығар. Төлем картамды да алып жүрмеймін, өйткені бәрі телефонда тұр. Аударманы мүлде жасамаймын. Кейбір жерлерде аударма сұрайды, бірақ аударма жасау ескілікке айналды», - дейді вице-министр.

Серіктес жаңалықтары