Қаңтар оқиғасында ұрланған қару-жарақ Астана мен Щучинсктен табылып жатыр (ФОТО)
Жыл басынан бері Ұлттық қауіпсіздік комитеті ел бойынша 203 мылтық тапқан
Қанды қаңтар оқиғасында ұрланған біраз қару-жарақ Астана мен Щучинск қалаларынан табылып жатыр, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Ұлттық қауіпсіздік комитетінің мәліметіне сүйенсек, шілде-тамыз айларында осы екі қала арасында қару-жараққа заңсыз ие болып отырған бір топ адам ұсталған.
«Астанадағы тінту кезінде Қаңтар оқиғасында ұрланған 2 «Калашников» автоматы мен 43 оқ-дәрі, Щучинск қаласынан 7 атыс қаруы, 4 тапанша және 1500-ден астам түрлі калибрлі оқ-дәрі табылды», - деп хабарлайды ҰҚК баспасөз қызметі.
Жыл басынан бері комитет заңсыз қару «бизнесімен» айналысқан 13 топты, жасырын қару істейтін 2 цехты жойған екен. Бұл топтардан 41 автомат, 203 мылтық, 121 тапанша, 57 қол гранатасы, 44 жарылғыш зат және әртүрлі калибрдегі 11 138 патрон тәркіленген.