10.09.2024, 10:32
Оқиғалар
Бас прокурор чемпион Елдос Сметовті қабылдап, оған бағалы сыйлық берді
Берік Асыловтың чемпионға нақты не сыйлағаны хабарланған жоқ
Фото: Бас прокуратура
Бас прокурор Берік Асылов Париж Олимпиадасының чемпионы Елдос Сметовті қабылдап, оған бағалы сыйлық тапсырды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Бас прокуратураның баспасөз қызметі таратқан ақпаратқа сүйенсек, Сметов прокурорлардың дене шынықтыратын кешенін аралап көрген.
«Құттықтау сөзінде Бас прокурор чемпионды Олимпиада ойындарындағы жеңісімен құттықтап, Елдос Сметовке алғыс хат пен бағалы сыйлық табыс етті», - деп жазды баспасөз қызметі.
Айта кетейік, күні кеше Дзюдо федерациясының президенті Қуанышбек Есекеев чемпионға Астанадан үш бөлмелі пәтер сыйлаған еді.
Көп оқылған
25.10.2026, 08:54
Көкшетауда 93 жастағы ер адам мен 89 жастағы әйел құтқарылды (ВИДЕО)
25.10.2026, 06:37
Каспий теңізінен бір адамның денесі табылды
25.10.2026, 09:00
Егемендікке жол ашқан тарихи қадам: Республика күні мерекесінің ел өміріндегі маңызы қандай
25.10.2026, 09:32
Ел дамуына үлес қосу – әр азаматтың парызы: жастар орталығының директоры ұлттық мерекенің маңызы туралы айтты
25.10.2026, 12:03
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты
Редактордың таңдауы
15.10.2026, 19:19
Қазақстан мен Әзербайжанды жалғайтын суасты байланыс желісі іске қосылды