$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
09.05.2020, 22:17
Оқиғалар

Алматыда 2-3 балдық жер сілкінісі тіркелді

Зілзала ошағы оңтүстікке қарай 291 км. жерде Қытай Республикасының аумағында

Алматыда 2-3 балдық жер сілкінісі тіркелді

Сейсмикалық станциялар желісі бойынша   2020 жылғы  09 сәуірде Алматы уақытымен 21 сағат 36  минут 54  секундта Алматы қаласында жер сілкінісі тіркелді, деп хабарлайды Аzattyq ruhy.

Жер сілкінісінің ошағы Алматы қаласынан оңтүстікке қарай 291 км жерде Қытай Республикасының аумағында тіркелген.

Жер сілкінісінің энергетикалық класы - 12.8

Магнитудасы MPV - 4.9.

Эпицентрдің координаттары - 40,92 ° N 76.63 °

Тереңдігі - 5 км.

Қабылдану туралы ақпарат (MSK-64 шкаласы бойынша): Алматы қаласында 2-3 балл шамасында сезілді.

Полиция департаментінің ЖБО мәліметтеріне сәйкес, патрульдік кезектегі патрульдік учаскелерде ешқандай зақым болған немесе қираған жағдай байқалған жоқ, жағдай тұрақты.

«112» және «101» жүйелеріне тұрғындардан қоңырау түскен жоқ», - деп хабарлады Департамент өкілдері.

«Қазселденқорғау» ММ мәліметтері бойынша гидротехникалық құрылыстарда, көшкін қауіпті және сел жүру қаупі бар учаскелерде бүліну, шөгу және жарықшақтар анықталған жоқ. Өзен арналарындағы судың бұлдырлығы сәйкес шектерде, қалыпты ағуда.

Серіктес жаңалықтары