09.09.2024, 11:51
Оқиғалар
Апталарға созылған суықтан кейін солтүстікте күн қайта жылынады
Синоптиктер алдағы 3 күнге болжам жасады
Фото: Istockphoto
Солтүстік өңірде күн жылып, тұрғындарды қуантпақ. Синоптиктер 10-12 қыркүйектің ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«Қазақстан аумағы арқылы антициклон өтеді. Ол республиканың басым бөлігін жылытып, жауын-шашынды тоқтатады. Түнде ауа температурасы түседі, дегенмен күндіз күн сәулесін төгіп, солтүстік өңірдің тұрғындарын қуантпақ. Елдің шығысы мен оңтүстік-шығысында ғана суық ауа массалары таулармен соқтығысып, жаңбыр жауып, түнде қарға айналады», - деп хабарлады синоптиктер.
Бұған дейін Астана қаласының әкімдігі егер даладаға ауа температурасы бес күн қатарынан +10 немесе одан да суық болса, онда үйлерге жылу қосылатынын мәлімдеген болатын.
Көп оқылған
13.11.2026, 14:56
Қазақстандық тур компаниялар Меккедегі қазақ қызын алдап, миллиондаған қарызға батырған
13.11.2026, 09:55
Ант қабылдап тұрған сарбаз есінен танып қалды ма: желіде тараған видеоның мән-жайы белгілі болды
13.11.2026, 09:23
«АҚШ азаматымын»: Алматы метросында қыз бен жігіттің дауына полиция араласты (ВИДЕО)
