Алматы облысында ТЖМ құтқарушылары тікұшақпен 10 жасар баланы эвакуациялады

Azattyq Rýhy

Зардап шегушіні АМО автомобилі аураханаға алып кетті

Алматы облысында ТЖМ құтқарушылары тікұшақпен 10 жасар баланы эвакуациялады
Фото: ТЖМ

Алматы облысында туристер 112 пультіне қоңырау шалып, олар баланың жартастан құлағанын байқағанын айтқан, деп хабарлайды Azattyq Rýhy ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Оқиға Алматы облысы Қарасай ауданы Проходное шатқалындағы Терра алаңында болған.

«ҚР ТЖМ РЖҚЖ жедел тобы шақыру орнына келіп, баланың құлауы салдарынан бұғанасының жабық сынуы, бас жарақаты және көптеген дене жарақатын алғанын анықтады. Алғашқы көмек көрсетілгеннен кейін, шұғыл ауруханаға жатқызу қажеттілігіне байланысты тікұшақты көтеру туралы шешім қабылданды», - делінген хабарламада.

«Қазавиақұтқару» тікұшағы борттағы Апаттар медицинасы орталығының қызметкерлерімен бірге оқиға орнына жедел ұшып кетті.

Баланы бортқа көтеріп, Боралдай әуежайына эвакуациялады.

Зардап шегушіні АМО автомобилі аураханаға алып кетті.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.