$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Жамбыл облысында мектепке барған «Томирис патшайымға» қатысты арнайы тексеріс басталды

Атқарушы органдар мектепте ақша жинаған мұғалімдер жайлы білмеген

Жамбыл облысында мектепке барған «Томирис патшайымға» қатысты арнайы тексеріс басталды
Фото: видеодан скриншот

Жамбыл облысының білім басқармасы «Томирис патшайымға» қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Тұрар Рысқұлов ауданы білім бөлімі Жамбыл атындағы орта мектебінің мәліметіне сәйкес, аталған мектептің түлегі Көпбаева Гүлсара Суазқызының тарапынан әлеуметтік жағдайы төмен 100 оқушыға қайырымдылық көмек көрсету туралы ұсыныс түсіп 2024 жылдың 29 тамызында Тереңөзек ауылының мәдениет үйінде ауыл тұрғындары қатысқан шара өткен.

«Мектепте өтетін кездесуге ұжымынан қаражат жинап, қонақты күтіп алу мәселесі жайлы жергілікті атқарушы органдарға хабарланбаған. Аталған мәселеге қатысты Жамбыл облысының балалардың құқығын қорғау жөніндегі уәкілі, Жамбыл облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаменті арнайы тексеріс жүргізіп жатыр.Сонымен қатар, Жамбыл облысы әкімдігінің білім, ақпарат және қоғамдық даму басқармалары тарапынан жұмысшы тобы құрылды. Жұмыс тобының берген қорытындысына сай шара қолданылады», - деп хабарлады Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы.

Жамбыл облысында Тереңөзек ауылында өзін Томирис деп атайтын Гүлсара Көпбаеваны шақырту үшін мұғалімдерден 4 мың теңгеден жиналғаны белгілі болған еді.

Серіктес жаңалықтары