03.09.2024, 13:25
Оқиғалар
Қостанайда ер адам көпірден секірмек болды (ВИДЕО)
Полицейлер оны құтқарып қалды
2 қыркүйек күні түнде полицияға Тобыл өзеніне үлкен көпірден секірмек болған ер адам туралы ақпарат түскен, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Патрульдік полиция батальонының қызметкерлері Елнұр Қамысбай мен Еламан Исламғалиев дереу оқиға орнына барды.
Ер адам сол уақытта металл қоршаудан өтіп, темірден ұстап тұрған. Полицейлерді көрген соң, олардың жақындамауын сұрап, көпірден секіремін деп қорқытқан.
«Ол өзін өте агрессивті ұстады. Мен оның назарын аударып жатқанда, менің серіктесім оның қолынан қатты ұстап қалды. Содан азаматты бірге тартып шығарып, аман алып қалдық», - деді Еламан Исламғалиев.
Ер адам мас күйде болды. Оның қауіпсіздігі үшін полиция ер адамды медициналық мекемеге орналастырды.
Көп оқылған
07.10.2026, 16:45
Қазақ ғалымдары шұжықтың ішіндегі ит пен мысық, тышқан мен шошқаның етін лезде анықтайтын тест ойлап тапты
07.10.2026, 11:58
Тоқаев қорғаныс министрінің тағы бір орынбасарын жұмысынан қуды
07.10.2026, 10:58
Миллиардтаған ақшаны ысырап етпек болған: Қазақстан жолдарын жөндеу кезіндегі былықтың беті ашылды
07.10.2026, 13:46
Алматыда ер адам бұрынғы сүйіктісін интимді суреттеріңді таратып жіберемін деп бопсалаған (ВИДЕО)
07.10.2026, 09:48
Қазақстанда алдағы бірнеше күнде ауа райы 27 градусқа дейін жылынады