Қазақстанда «Ласковый май» тобының гастролдік концерті өтетіні туралы ақпарат жалған – ДСМ
Ресми мәлімдеме

Қазақстанда «Ласковый май» тобының гастролдік концерті болатыны туралы ақпарат жалған, деп хабрлайды Денсаулық сақтау министрлігі.
«Қазіргі уақытта әлеуметтік желілерде Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитарлық дәрігері ресейлік «Ласковый май» тобының гастролдік концерті Қазақстанда өткізуге, сондай-ақ басқа да концерттер мен басқа да көпшілік шараларға рұқсат бергені туралы хабарламалар таралып жатыр.Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі бұл ақпараттың шындыққа жанаспайтындығын ресми түрде хабарлайды», - делінген хабарламада.
Министрлік көрінеу жалған ақпарат таратқаны үшін адамдар қылмыстық жауапкершілікке тартылуы мүмкін екенін ескертееді. (ҚР ҚК 274-бабы «Көрінеу жалған ақпарат тарату»)
«Құрметті азаматтар, Сіздер, әлеуметтік желілердегі дұрыс емес ақпараттарға бой алдырмаңыздар және тек ресми ақпарат көздеріне сеніңізлер. Барлық сенімді ақпаратты ресми сайттан және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің әлеуметтік желілеріндегі парақтардан ала аласыз»,- делінген хабарламада.