Шымкентте иттерді аяусыз сабаған қызметкердің үстінен қылмыстық іс қозғалды
Оқиғаны өз көзімен көрген ерікті қатігез ер адамның әрекетін видеоға түсіріп алған
Шымкентте қалалық қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулау орталығының қызметкері иттерді аяусыз ұрып тастады. Нәтижесінде үш ит ауыр жағдайда. Қазігез оқиғаны еріктілердің бірі көзімен көрген, деп хабарлайды Azattyq Rýhy «Патриот» Telegram-арнасына сілтеме жасап.
Оқиғаны өз көзімен көрген ерікті қатігез ер адамның әрекетін видеоға түсіріп алған.
«Бұл – жануарларды қорғаудың барлық нормалары мен заңдарын бұзу. Біз кінәлілер үшін әділдік пен жазаны, сондай-ақ осы қорғансыз тіршілік иелерін қорғауға тиісті заңдарды қатаң сақтауды талап етеміз», - дейді Шымкент еріктілері.
Әзірге қызметкер жай ғана жұмыстан шығарылды.
Ал полиция еріктілердің өтініші бойынша қылмыстық іс қозғағанын хабарлады.
«Еңбекші ауданының полиция басқармасы жануарларға қатыгездік жасау фактісі бойынша қылмыстық іс қозғады. Барлық жағдайлар анықталуда», - деп хабарлады полициядан.