31.08.2024, 02:00
Оқиғалар
Рудныйда кәріз құдығына түскен жұмысшы қайтыс болды
Ер адамның қайтыс болу себебі анықталып жатыр
Фото: depositphotos.com
Рудныйда кәріз құдығына түскен жұмысшы қайтыс болды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy жергілікті «Город» порталына сілтеме жасап.
Апат 30 тамызда түстен кейін Транспортная көшесінде болған.
«Құтқарушылардың күшімен кәріз құдығында тазарту жұмыстарын жүргізген жұмысшының денесі табылды. 1993 жылы туған ер адамның денесі жедел жәрдем қызметкерлеріне берілді», - деп хабарлады Қостанай облыстық ТЖД.
Ер адамның қайтыс болу себебі анықталып жатыр.
Көп оқылған
08.10.2026, 11:18
Қазақстанда ауқатты отбасылардың 10 түрлі жәрдемақысы қысқарады: Үкімет қаулыны жариялады
08.10.2026, 21:27
«Қазақстанда, үйінде отыр»: Непалдағы жойқын тасқын кезінде із-түссіз жоғалған бойжеткеннің біреуі аман-есен табылған
08.10.2026, 09:00
Екі аптада не өзгерді: Каспийдегі трагедиядан кейін кімдер жұмысынан қуылды, кімдер қамалды
08.10.2026, 14:25
Астанада «Sardar group» компаниясы былтыр ғана салған үйден жаңбыр сорғалап тұр (ВИДЕО)