$ 492.14  528.85  5.01
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Ақмола облысында жол апатынан 4 адам қаза тапты

Көлік жүргізушісі мен үш жолаушы тіл тартпай кетті

Ақмола облысында жол апатынан 4 адам қаза тапты
Фото: instagram.com/nayzakokshe

Жол апаты 22 тамызға қараған түні Есіл қаласында болған. Полиция қажетті тергеу әрекеттерін жүргізуде, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Жергілікті пабликтің хабарлауынша, опат болған жүргізуші 33 жаста, ал жолаушылар 18-23 жас аралығындағы тұрғындар.

«Жоғары жылдамдықпен келе жатқан көлік апатқа ұшырады. Ауданның 33 жастағы тұрғыны аударылған көлікте езіліп қалды. 18-23 жас аралығындағы үш жолаушы әр жерге домалап құлады. Қаза тапқандардың үшеуі – қыз бала, оның бірі Ресейден әжесіне қонаққа келген», - делінген ақпаратта.

Апатқа Ақмола облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі түсініктеме берді.

«Осы жылдың 22 тамызында Есіл ауданының аумағында жол-көлік оқиғасы орын алып, салдарынан 4 адам қаза тапты. Бұл факт бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды», - деп хабарлады полиция агенттікке берген түсініктемесінде.

Оқиғаның мән-жайлары анықталып жатыр.

Серіктес жаңалықтары