$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

БҚО-да пәтер ұрлауды кәсіп еткендер ұсталды (ВИДЕО)

Екі күдікті бұрын дәл осы ұрлық эпизоды бойынша сотталған

БҚО-да пәтер ұрысы ұсталды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

18 тамыз күні Орал қаласындағы ескі әуежай ауданында жеке үйлердің бірінде пәтер ұрлығы орын алған. Бұл кезде үй иелері қонақта болған. Қылмыскерлер үйге терезе арқылы кіріп, 3 млн 200 мың теңге ақша, алтын бұйымдарды, ноутбук, сондай-ақ сейфте тұрған мылтықты ұрлап әкеткен.

«Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында Бәйтерек ауданының бұрын пәтер ұрлығы үшін сотталған екі тұрғыны анықталып, ұсталды. Олар 2020 жылы Жұлдыз және Ескі әуежай шағын аудандарында эпизодтық пәтер ұрлығын жасаған, бұл үшін сотталған. Тінту кезінде ұрланған қару күдіктінің бірінің тұрғылықты жерінен табылды, олар оны үйдің ауласына көміп тастаған. Ноутбукты күдікті әпкесіне, ал алтын жалатылған білезік алтын зергерлік бұйымдарды сатып алушыға берген», - деп хабарлады полиция.

Сонымен қатар ұсталғанның бірінен 300 мың теңге табылып, тәркіленді. Ұрлық фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдіктілер ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тергеу жүргізіліп жатыр.

 

Серіктес жаңалықтары

Мақалада

#БҚО #ұрлық