26.08.2024, 09:17
Оқиғалар
Өскеменде өрт шыққан пәтердің ішінде 3 бала қалып қойды
14 адам құтқарылды
Фото: видеодан скриншот
ШҚО-да өрт кезінде 4 тұрғын құтқарылып, 10 адам эвакуацияланды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Өскемен қаласында бес қабатты тұрғын үйдің үшінші қабатындағы пәтерде өрт шықты.
«Өрт сөндірушілер құтқару құрылғысының (капюшонның) көмегімен 4 тұрғынды құтқарды, оның үшеуі бала, түтін аймағынан 10 тұрғынды эвакуациялады. Тұрмыстық заттардың жануы 30 шаршы метр алаңда сөндірілді», - деп хабарлады ТЖМ.
Зардап шеккендер жоқ. Өрттің себебі анықталуда.
ТЖМ азаматтардан өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауды сұрайды.
Көп оқылған
29.10.2026, 15:26
Еңбекмин жәрдемақы алатын адамның ипотекасын да, несиесін де, отбасын асырауға кететін шығынын да есептейтін болды
29.10.2026, 15:11
Шәйнек түбіне жасырған: Жетісуда түрмеде жатқан адамға танысы шынашақтай телефон жібермек болған
29.10.2026, 12:29
Жұлдыз Сүлейменова мұғалімдер толтыратын 25 құжаттан бес-ақ қағаз қалдыратынын мәлімдеді
29.10.2026, 13:59
БҚО-да жайылып жүрген киікті атып алған ер адам сотталып кетті
Редактордың таңдауы
15.10.2026, 19:19
Қазақстан мен Әзербайжанды жалғайтын суасты байланыс желісі іске қосылды