$ 494.95  525.49  5.05
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
25.08.2024, 21:13
Оқиғалар

Қостанайда жалаңаштанған ер адам автотұрақтағы көліктің алдында дәрет сындырған

Полиция бұзақыны анықтады

Қостанайда жалаңаштанған ер адам автотұрақтағы көліктің алдында дәрет сындырған
Фото: Қостанай облысы ПД

Қырағы қостанайлықтар полицейлерге мас жүргізуші мен ұсақ бұзақылық жасаған ер адамды ұстауға көмектесті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy облыстық полиция департаментіне сілтеме жасап.

24 тамыз күні түстен кейін Instagram әлеуметтік желісінің мониторингі барысында құқық бұзушылық тіркелген фото және видео анықталды.

Ол әуежай шағынауданының аулаларының бірінде жалаңаштанған адам JAC T6 маркалы көліктің алдында кіші дәретін сындырған. Біраз уақыттан кейін көлік артқа қарай жүре бастайды, сол уақытта басқа тұрған көлікке тиіп, белгісіз бағытқа кетеді.

«Автокөлікті патрульдік полиция қызметкерлері Тәуелсіздік-Чехов көшесінің қиылысында ұстады. Рөлде 28 жастағы жергілікті тұрғын болды, оның жанында дәрет сындырған адам отырды. Екеуінен де алкогольдің иісі шықты. Іс жүргізу барысында полицейлер жүргізушінің көлік басқаруға құқығы болмағанынын анықтады. Сонымен қатар, ағымдағы жылы ол осындай құқық бұзушылық үшін жауапқа тартылған», - делінген хабарламада.

Медициналық куәландыру нәтижелері бойынша екеуінде де алкогольдік масаңдықтың «жеңіл дәрежесі» белгіленген.

27 жастағы қостанайлық дәрет сындырған, сол арқылы ұсақ бұзақылық жасаған және қоғамдық орында мас күйінде пайда болған адамға қатысты бірден екі әкімшілік хаттама жасалды. Бірінші факт бойынша материал сотта қаралады. Бұл үшін оған ірі көлемде айыппұл салынады немесе 15 тәулікке дейін қамауға алынады. Екіншісі бойынша оған 5 АЕК (18460 теңге) мөлшерінде айыппұл тағайындалды.

«Көлік басқаруға рұқсаты жоқ және бір жыл ішінде қайтадан құқық бұзушылық жасаған адамның мас күйінде автокөлікті басқару фактісі бойынша ҚР ӘҚБтК 608-бабының 7-бөлігіне сай хаттама толтырылды. Сот іс жүргізу шешімін қабылдайды. Бұл әрекет үшін 30 тәулік әкімшілік қамауға алу қарастырылған», - делінген хабарламада.

Екеуі де Қостанай қаласы Полиция басқармасының уақытша ұстау бөлмесіне қамалды.

Автокөлік мамандандырылған автотұраққа жіберілді.

Серіктес жаңалықтары