Астанада аяқ асты отырыстың арты ұрлыққа ұласты
Полицейлер заттай айғақты тәркілеп, иесіне қайтарды

Кешкі уақытта масаң күйде болған жәбірленуші аулаға шылым шегу шығып, сол жерде алкогольдік ішімдік ішкен ер адамды кездестірген. Кеші көңілдірек болады деген оймен, жаңа танысын бірге сыра ішуге шақырған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy қалалық полиция департаментіне сілтеме жасап.
Олар бірге жақындағы дүкеннен құйылмалы сыра алып, жәбірленушінің пәтеріне барған.
Бірлесіп алкогольдік ішіп, қайтар кезде қонақ үй иесінің «Samsung» маркалы ұялы телефонын ұрлаған.
«Жедел-іздестіру іс-шараларын өткізу барысында «Сарыарқа» ауданы ПБ АПБ полиция қызметкерлері, ұялы телефонды ұрлап, оны сөндіріп тастаған 27 жастағы ер адамды анықтады»,- делінген хабарламада.
Полицейлер заттай айғақты тәркілеп, иесіне қайтарды.
Астана қ. Полиция департаменті азаматтарды бейтаныс адамдармен араласқанда сақтық шараларын сақтау қажеттігін ескертеді.