6-сынып оқушысын зорлады деген күдікті Алматыда ұсталды

Жарияланған:
23.10.2019, 09:13

36 жастағы жігіт 11 жастағы қызға зәбір көрсетіп, үйіндегі теледидарды ұрлап әкеткен

Таразда 11 жастағы қызға зәбір көрсеткен деген күдікті Алматыда ұсталды. Әлеуметтік желіде 6-сынып оқушысын зорлады деген ер адамға іздеу салынғаны жөнінде ақпарат тараған еді, - деп хабарлайды КТК арнасы. 

36 жастағы жігіт 11 жастағы қызға зәбір көрсетіп, үйіндегі теледидарды ұрлап әкеткен. Ол арам ойын жеткіншектің үйінде жүзеге асырған болуы мүмкін. Бірақ ер адамның жәбірленушіге қандай қатысы бары айтылмады. Бұл жағдай жайында полицейлерге анасы хабар берген.

Күдікті Алматы қаласында ұсталған. 

«Биыл 21 қазанда сағат 17.00 шамасында Алматы қаласында Жамбыл облысының полиция қызметкерлері кәмелетке толмаған адамға қатысты сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттерін жасаған деген 36 жастағы күдіктіні ұстады. Күдікті ары қарай тергеу амалдарын жүргізу үшін Тараз қаласына жеткізіледі», - деп жазды Жамбыл облысы ПД басшысы Арман Оразалиев Facebook.kz желісіндегі парақшасында. 

Ал тәртіп сақшылары әзірге тергеу құпиялығына байланысты толық ақпарат бермеді. Белгілісі, ол бұған дейін де кәмелетке толмаған баланы зорлағаны үшін істі болыпты. Күдікті қазір қамауда отыр.

«Төрт күн өткеннен кейін жедел іздестіру шаралары нәтижесінде Алматыда екені анықталып, қолға түсті. Медицина қызметкерлерінің айтуынша, баланың денсаулығы тұрақты, қазір ол үйінде», - дейді Жамбыл облыстық ПД криминалдық полиция басқармасы бастығының орынбасары Қуанышбек Бекқожаев.

 

Біздің ең маңызды және қызықты жаңалықтарды біздің Telegram-каналдан оқыңыз
Өзге де қызықты мақалалар
Алматы облысында кісі өлтіріп қашып кеткен күдікті қолға түсті
Алматылық тұрғын өзінен қатты шуламауын өтінген ер адамға оқ атқан
Көкшетауда дүкеншіні соққыға жығып, ақшаны алып кеткен күдікті ұсталды

Сұхбат
Ресейде 800-900 мың қазақ өмір сүріп жатыр деген мәлімет бар, кей дереккөзде 1,5 миллион деп жазылған
«Абайдың 45 сұрағына» Арыстанбек Мұхамедиұлы жауап берді 
Абайдың 45 сұрағына алғаш болып жауап берген - Мәжіліс депутаты Нұртай Сабильянов
Бүгінде Кореяда жұмыс істеп жатқан қазақтардың саны артып келеді. Күнкөріс қамымен шетел асып барғандардың көпшілігі визасыз жұмыс істеп жүр.