$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
06.05.2020, 13:01
Оқиғалар

Бас прокуратура саунада демалған судья мен прокурор туралы видеоға пікір білдірді

Бұған дейін Алматы облыстық соты саунада демалған судья мен прокурорға қатысты тексеріс басталғанын хабарлады

Бас прокуратура саунада демалған судья мен прокурор туралы видеоға пікір білдірді
скриншот: youtube

Әлеуметтік желілерде судья мен прокурорлардың карантин кезінде саунада демалыс ұйымдастырып жатқан бейнеролигі тарап кеткен еді. Осы жағдайға байланысты ҚР Бас прокуратурасы да пікір білдірді.

«Әлеуметтік желілерде мен БАҚ-та саунада судья және прокурормен демалыс ұйымдастырып жатқаны туралыбір автордың видеосы тарап жатыр. Аталған факті бойынша Бас прокуратураның Ішкі тергеп-тексеру департаменті тексеру жүргііп жатыр. Тексеру аяқталғанша алдын ала қорытынды жасамауды сұраймыз. Тексеру нәтижесін хабарлаймыз», - деп хабарлады ҚР Бас прокуратурасының баспасөз қызметі.

Бұл жағдайға қатысты Алматы облыстық сотының баспасөз қызметі де БАҚ өкілдеріне жауап берген еді.

«Алдын ала мәлім болғандай, осы видеороликті түсірген Б. есімді азаматтың сот саласына ешқандай қатысы жоқ екенін хабарлаймыз. Аталған ақпарат бойынша қазіргі уақытта қызметтік тексерістер жүргізіліп жатыр. Анық-қанығын тексеріс аяқталған соң міндетті түрде хабарлаймыз. Осы орайда, азаматтарға асығыс тұжырым жасамауды, ақпаратты тұтынғанда тек ресми дереккөзге сүйенуге шақырамыз», - делінген хабарламада.

Видеороликті түсірген азамат Панфилов ауданының прокуроры қонаққа келгенін айтады.

«Жігіттер, ОПГ-шники, бүгін маған ағам Саян Жаркенттен қонаққа келді және біз демалып жатырмыз. Жаңа ішіп-жедік. Енді моншаға алып келдім. Міне мынау соттың төрағасы, мынау Саян бауырым. Көрдің, мына жағында охотнически-махотнически жасаған. ОПГ-шники в Астане и в Алмате, не думайте, мы тоже отдыхаем» деген сөздерді айтқан азамат ары қарай демалыс орнының ішкі бөлмелерін, халатқа оранған азаматтарды көрсетеді.

Алматы облыстық сотының мәліметінше, оқиға Кербұлақ ауданының орталығы Сарыөзек кентінде болған.

Серіктес жаңалықтары