$ 503.15  543.3  5.93
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Түркістан облысында 1,5 млн теңгенің малын айдап кеткен барымташылар ұсталды

Оларға қатысты қылмыстық іс қозғалды

Түркістан облысында 1,5 млн теңгенің малын айдап кеткен барымташылар ұсталды
Фото: Түркістан облыстық ПД

Түркістан облысы Сарыағаш ауданының аумағында мал ұрлығымен айналысқан адамдар тобы ұсталды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Полиция қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында 3 күдіктіні ұстады. Олардың біреуі сатып алушы болған.

«Олар – мал ұрлығының 3 фактісіне қатысы бар Сарыағаш ауданының тұрғындары. Жалпы шығын көлемі 1,5 миллион теңгеден асты. Осы жылдың жазында күдіктілер оңай пайда табу мақсатында жергілікті тұрғынның ауласына кіріп, қорада тұрған жылқысын ұрлап кеткен. Содан кейін олар ұрланған жылқыны сатып алушыға өткізіп, ал ақшаны өз қажеттіліктеріне жұмсаған», - деп хабарлады ПД.

Тінту кезінде полиция ұрланған жылқыны тәркіледі. Қазіргі уақытта аталған фактілер бойынша сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Серіктес жаңалықтары