«16 тамызда жойқын жер сілкінісі болады»: қазақстандықтардың зәресін ұшырған жаңалық рас па

Аягөз Құрмаш

Telegram арнасында осындай ақпарат тараған

«16 тамызда жойқын жер сілкінісі болады»: қазақстандықтардың зәресін ұшырған жаңалық рас па
Фото: depositphotos.com

2024 жылы 16 тамыз күні сағат 04:00-де жойқын жер сілкінісі болады деген ақпарат тарап жатыр. Алайда ақпаратты Stopfake.kz сайты жоққа шығарды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Telegram арналарының бірінде 16 тамызда сағат 4:00-де бүкіл планетада жойқын жер сілкінісі болады деген ақпарат шықты. Бұл туралы ресейлік саясаткер Жириновскийдің мұрағаттарынан табылған карталарда жазылған екен. Бұл-фейк», - деп хабарлады сайт.

Ақпаратқа қатысты төтенше жағдайлар министрлігінің Сейсмология институты пікір білдірді.

«Халықаралық сейсмологиялық орталықтардың ресми мәліметтері бойынша, 16 тамызда магнитудасы 5,5 балдан асатын қатты жер сілкінісі болжанып отырған жоқ. Соның ішінде, Қазақстан аумағында да. Елімізде шекара маңындағы аумақтарда болған барлық төтенше оқиғалар, сондай-ақ біздің аспаптарымыз тіркеген транзиттік жер сілкіністері "112 KZ" телеграм-арнасында және www.seismology.kz сайтында жедел түрде жарияланады. Тек ресми ақпаратқа ғана сеніңіздер» – деп жазылған хабарламада.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.